ҚОҒАМ
Ресей Федерациясына сапарлайтын Қазақстан азаматтары үшін шекарадан өту ережелері жаңартылды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: JNews
Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді.
Оның мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап көрші мемлекетке еңбек ету немесе оқу мақсатымен жол тартатын Қазақстан азаматтары үшін «Госуслуги РФ» мобильді қосымшасын қолдану міндеттелмек. Жаңа ережеге сәйкес, шетелдіктер аталған цифрлық платформада жеке кабинет ашып, сапар алдында міндетті тіркеуден өтуі қажет.
«Белгіленген тәртіпке сәйкес шетел азаматтары аталған қосымшада жеке профиль құрып, Ресей Федерациясына кіру туралы өтінішті мемлекеттік шекараны кесіп өтуден кемінде 72 сағат бұрын тапсыруы керек. Өтініш қаралғаннан кейін қосымшада кіру құқығын растайтын жеке QR код қалыптастырылады. Аталған QR код өтініш берілген сәттен бастап тоқсан күн бойы жарамды болады», – деді Ерлан Жетібаев.
Осы жағдайларды ескере отырып, құзырлы орган азаматтарды сапарды алдын ала жоспарлауға және бекітілген техникалық талаптарды нақты орындауға шақырады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61