ҚОҒАМ

Сәуле Базархан «Smart Beauty Clinic» жекеменшік клиникасында жергілікті анестезиямен жасалған жоспарлы липосакция операциясынан кейін көз жұмды

Танымал қазақстандық блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базархан пластикалық ота жасату кезінде жүрек ұстамасынан кенеттен көз жұмды. Қайғылы оқиға «Smart Beauty Clinic» пластикалық хирургия клиникасында болған, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Орын алған қайғылы жағдайдан кейін «Smart Beauty Clinic» ресми мәлімдеме жариялады. Клиника бұл оқиғаның ұжымға өте ауыр тигенін атап өтіп, кәсіпкер Сәуле Базарханның жақындары мен отбасына қайғыра көңіл айтты.

«Қазіргі уақытта болған жағдай бойынша заңнамада қарастырылған процедуралар жүргізіліп жатыр. Дәрігерлік құпияны сақтау қажеттілігіне, пациенттің отбасына деген құрметке, сондай-ақ жүргізіліп жатқан шаралардың объективтілігіне байланысты клиника ресми процедуралар аяқталғанға дейін оқиғаның мән-жайы мен медициналық егжей-тегжейіне қатысты көпшілік алдында түсініктеме беруді жөн санамайды», - делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар «Smart Beauty Clinic» әкімшілігі клиникада қазіргі уақытта пациенттерді қабылдау уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61