САЯСАТ
Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан су шаруашылығы бойынша 2026 жылдың жазғы маусымында «Бахри-Точик» су қоймасын бірлесе пайдаланудың нақты кестесін бекітті. Үшжақты қол қойылған хаттама вегетациялық кезеңдегі су тапшылығының алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Gov.kz
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Тәжікстан Республикасының Энергетика және су ресурстары министрі Джума Далер және Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев 2026 жылдың маусым-тамыз айларына арналған «Бахри-Точик» су қоймасының жұмыс режимін келісті.
Үшжақты хаттама аясында бекітілген кестеге сай, жаз айларында Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарындағы егістік алқаптарын суғару үшін «Бахри-Точик» су қоймасынан қосымша су жіберілетін болады.
«Оңтүстік өңірлерді суармалы сумен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда. Қол жеткізілген келісімдер – Орталық Азия елдері арасындағы сындарлы өзара іс-қимыл мен өзара қолдаудың нәтижесі. Қабылданған шаралар вегетация кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз етіп, отандық диқандарға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Басқосу нәтижесінде Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанның бейінді министрлері аймақтың су әлеуетін тиімді әрі өзара тиімділік негізінде игеру жолындағы серіктестікті тереңдете түсуге ниетті екендіктерін жеткізді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61