ҚОҒАМ

11-сынып түлектеріне аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі 17–18 маусым күндеріне жоспарланған

Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Gov.kz

Ағымдағы оқу жылында елімізде орта білім беру мекемелерінде жалпы саны 3,9 миллион оқушы білім алды. Соның ішінде 343 мың оқушы негізгі орта мектепті (9-сыныпты), ал 215 мың оқушы жалпы орта мектепті (11-сыныпты) тәмамдайды. Үздік үлгерім көрсеткіштері бойынша, «Алтын белгіге»  үміткерлер саны 13 175 оқушыны құрап отыр. Сондай-ақ, 11-сынып бітірушілерінің арасында «Үздік аттестатқа» 18 555 оқушы, ал 9-сынып оқушылары арасында 31 181 кандидат үміткер ретінде тіркелді. Орта кәсіптік білім беру жүйесі бойынша еліміздегі 763 колледжде 168 мың студенттің оқу процесі аяқталу сатысында.

Бекітілген кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың 29 мамыры мен 15 маусымы аралығында 9 және 11-сынып бітірушілері үшін қорытынды аттестаттау кезеңі өткізіледі.

«11-сынып түлектеріне аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі 17–18 маусым күндеріне жоспарланған. Іс-шараларды тек білім беру ұйымдарының базасында өткізу тапсырылды. Мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында бітіру кештерін ұйымдастыруға және заңсыз қаражат жинауға тыйым салынды. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығы қабылданды. Әкімдіктер бұл мәселені ішкі істер органдарымен бірлесіп қатаң бақылауда ұстауы өзекті», — деп атап өтті министр.

Министрдің мәлімдеуінше, тиісті салтанатты іс-шараларды тек білім беру ұйымдарының базасында өткізу міндеттелді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61