ҚОҒАМ
Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданына қарасты Жалпақтал ауылында әйгілі Эйфель мұнарасының кішірейтілген көшірмесі пайда болды. Мұнараны Жалпақтал ауылындағы мектептің 2006 жылғы түлектері өз қаржыларына сыйға тартқан, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Облыс орталығы Орал қаласынан 250 шақырым жерде орналасқан Жалпақтал ауылының мектеп түлектері мерейтойлық жылдарында туған жерге ауқымды тарту жасауды игі дәстүрге айналдырған. Осы жолғы бірегей сәулеттік нысанды алтын ұяны тәмамдағандарына биыл 20 жыл толған 2006 жылғы мектеп бітірушілер өз қаражаттары есебінен тұрғызған. Биіктігі шамамен 40 метрді құрайтын «Ынтымақ» мұнарасы салтанатты түрде ашылып, әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.
Заманауи фотоаймаққа айналған «Ынтымақ» мұнарасының құрылысына шамамен 45 миллион теңге көлемінде қаражат жұмсалған. Туған жерді көркейтуге бағытталған бұл креативті бастама желі қолданушылары тарапынан жоғары бағаланып, желіде өзге өңірлердің де түлектеріне нағыз отансүйгіштік пен бірліктің үлгісі ретінде насихатталуда.
Айта кетсек, әлемге әйгілі Эйфель мұнарасының кішірейтілген көшірмелері Қазақстанның бірнеше ірі шаһарларында, атап айтқанда, Астана мен Алматы қалаларында да бар.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61