ҚОҒАМ

Бейімбет Майлиннің ескерткішін қорлаған бойжеткенге 216 мың теңге айыппұл салынды

Астана қаласындағы «Қаламгерлер аллеясында» орнатылған көрнекті жазушы Бейімбет Майлиннің ескерткішіне құрметсіздік көрсеткен бойжеткен анықталды,  деп хабарлайды  Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Әлеуметтік желілер мен медиа кеңістікте мәдени нысан мен қоғамдық орынға ашықтан-ашық құрметсіздік көрсету фактісі бейнеленген бейнежазба кеңінен таралды. Аталған видеода бойжеткеннің тарихи тұлғаның мүсініне өрмелеп шығып, суретке түскен сәті таспаланған. Бұл қылық желі қолданушылары мен қала тұрғындарының тарапынан қатаң сынға ұшырады.

Полиция қызметкерлері 18 жастағы Астана тұрғынын анықтап, «Байқоңыр» аудандық полиция басқармасына жеткізді.

Құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды, – деп жазылған хабарламада.

Ресми хабарламада атап өтілгендей, ескерткіштерді қасақана зақымдау әрекеттері вандализм ретінде квалификацияланып, кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнамаға, соның ішінде Қылмыстық кодекске сәйкес жауапқа тартылады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61