ҚОҒАМ
Отандық мәнерлеп сырғанау жұлдызы Михаил Шайдоровтың келісімшартына қатысты мәселе оң шешімін тапты. Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев спортшы жаңа келісімшартқа қол қойғанын және оған тиесілі барлық қаржылық төлемдердің уақытылы әрі толықтай берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Бұған дейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров отандық интервьюер Тимур Балымбетовке берген сұхбатында бес ай бойы еңбекақы алмағанын, сондай-ақ алдағы маңызды жаттығу жиындарына да үкімет тарапынан ешқандай қаражат бөлінбей жатқанын ашық айтқан болатын. Отандық спорт саңлағының бұл мәлімдемесі қоғамда үлкен талқылау тудырды.
Осы оқиғадан кейін құзырлы министрлік жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, мәселе қаржының жоқтығында емес, Шайдоровтың ұсынылған келісімшарт талаптарына көңілі толмауында болған. Спортшы құжат шарттарымен келіспегендіктен, осы уақытқа дейін екіжақты келісімге қол қойылмай келгені белгілі болды.
Спортшының мәлімдеуінше, 2026 жылға жасалатын құжатқа қол қою үшін министрлік оған 2030 жылғы Олимпиада ойындарында медаль алуды міндеттеп, алдын ала кепілдік талап еткен.
«Қоғамда кеңінен талқыланып жатқан келісімшарт мәселесіне тоқталсам, бүгінгі күні келісімшарт Шайдоровтың командасына жолданды және оған қол қойылды. Қол қою рәсімінің барлығы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес өтті. Тараптар ортақ мәмілеге келіп, келісімшарттың барлық тармағын жан-жақты талқылады. Құжатқа қол қойылғаннан кейін министрлік оны жұмыс тәртібімен қабылдады. Алдағы уақытта келісімшартта көзделген барлық қаржы толық көлемде төленеді», - деді Серік Жарасбаев.
Туризм және спорт министрлігі өкілінің хабарлауынша, Михаил Шайдоровтың жаңа маусым алдындағы дайындық жұмыстарына қатысты мәселесі де толығымен оң шешімін тапқан. Ведомство спортшының алдағы жаттығу жиындары мен дайындық кезеңдерінің кедергісіз өтуіне жағдай жасалатынын жеткізді.
«5 маусымда Михаил Шайдоров жаңа маусымға дайындық үшін АҚШ-қа аттанады. Сондай-ақ бірер күннен соң Михаил Шайдоров өз командасымен бірге Туризм және спорт министрлігіне келеді. Кездесу барысында алдағы жоспарлар мен келесі Олимпиадаға дайындық мәселелерін талқылаймыз. Сонымен қатар елімізде мәнерлеп сырғанауды дамыту бағытындағы жұмыстар жөнінде де пікір алмасамыз», - деп атап өтті вице-министр.
Айта кетейік, құзырлы министрлік Михаил Шайдоровтың халықаралық аренадағы тарихи жетістіктері үшін мемлекет өз міндеттемелерін толықтай орындайтынын мәлімдеді. Атап айтқанда, алтын медаль үшін оған 250 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы төлеу, Алматы қаласынан үш бөлмелі пәтер беру және қолданыстағы заңнамаға сәйкес арнайы мемлекеттік төлемдер тағайындау қарастырылған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61