ҚОҒАМ
ҰБТ-ны осы уақытқа дейін 139 мыңға жуық талапкер тапсырып үлгерді. Статистикаға сүйенсек, қатысушылардың 71%-ы қазақ тілінде, 29%-ы орыс тілінде, ал 259 оқушы ағылшын тілінде бақ сынаған, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Google AI
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, негізгі ҰБТ-ның үшінші аптасының қорытындысы бойынша талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл - 65 балл. Ең жоғары нәтиже - 140 балл.
ҰБТ басталғалы бері өткен үш апта ішінде ереже бұзудың 283 дерегі анықталған. Тексеріс барысында смартфон, смарт көзілдірік, микроқұлаққап және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып кірмек болған 168 талапкер емтихан залына жіберілген жоқ. Сонымен қатар тест тапсыру кезінде тәртіп бұзған 115 талапкер аудиториядан шығарылып, олардың алған нәтижелері толығымен жойылған.
Айта кетейік, ҰБТ аяқталғаннан кейін де тестілеу барысындағы бейнежазбаларды талдау жұмыстары жалғасады. Санитарлық және академиялық талаптардың сақталуын бақылау мақсатында жүргізілетін бұл тексеріс 31 қазанға дейін созылады. Егер бейнебақылау арқылы ереже бұзу немесе тыйым салынған заттарды пайдалану жағдайлары анықталса, қатысушының қорытынды балы толығымен жарамсыз деп танылады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61