ҚОҒАМ

Қазақстанда жұмыс орнындағы харассмент заңмен реттелмек

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс орнындағы харассмент және жыныстық сипаттағы қолсұғушылық фактілерінің алдын алу мен оған жол бермеу нормаларын көздейтін заң жобасын дайындады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкіметте өткен брифингіде мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

«Бұл түзетулер Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдары негізінде әзірленді. Заң жобасында, біріншіден, харассмент пен жыныстық сипаттағы қысым ұғымдары нақтыланды. Екіншіден, мұндай фактілер анықталған жағдайда жұмыс берушінің жауапкершілігі қарастырылды», – деді Асқарбек Ертаев.

Министрдің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта аталған түзетулер бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен талқылау кезеңінен өтуде. Заң жобасын ағымдағы жылдың күзгі сессиясында Парламенттің қарауына енгізу көзделген.

Біріккен Ұлттар Ұйымының 2022 жылғы деректері бойынша, жаһандық деңгейде қызметкерлердің шамамен 23%-ы жұмыс орнында зорлық-зомбылыққа немесе жыныстық қудалауға ұшырайды. БҰҰ сарапшылары зардап шегушілердің басым бөлігі қоғамдық айыптаудан немесе жұмысынан айырылудан қорқып, фактілерді жасыратындықтан, бұл көрсеткіш шынайы жағдайды толық көрсете алмайтынына тоқталған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61