БІЛІМ
Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін заманауи талаптарға сай дамыту және жасанды интеллект технологияларын оқу үдерісіне жүйелі түрде интеграциялау – бүгінгі таңда білім беру саласының алдында тұрған стратегиялық басты міндеттердің біріне айналды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында Цифрландыру мен жасанды интеллект жылында бұл технологияларды дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осы стратегиялық бағытты негізге ала отырып, Астанада білім беру саласын трансформациялауға бағытталған ауқымды педагогикалық хакатон өтуде, деп хабарлайды Bugin.kz
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Алмат Ыдырыс
Педагогикалық хакатон — ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «AMANAT» партиясы және «Daryn Online» білім беру платформасының бірлескен серіктестігі аясында іске асқан «Ustazga AI» бірегей жобасының практикалық қорытынды кезеңі болып табылады.
Жоба негізінде ашылған «Білім берудегі жасанды интеллект: инновациялық технологиялар мен оқу үдерісінің цифрлық трансформациясы» оқыту курсы қысқа мерзім ішінде отандық ұстаздар қауымы үшін нағыз инновациялық серпіліске айналды. Курстың басты концепциясы — педагогтарды ЖИ технологияларын оқу үдерісінде тек құрал ретінде емес, тиімді әрі жауапты қолдану мәдениетіне үйрету, сол арқылы мұғалімдердің күнделікті жұмыс жүктемесін азайтып, білім берудің сапалық көрсеткіштерін арттыру.
Курс аясында ұстаздар қағазбастылық пен рутиналық жұмыстарды оңтайландырудың нақты алгоритмдерін меңгерді:
- Оқушылардың жұмысын автоматты түрде критералды бағалау және талдау;
- Әкімшілік есептер мен құжаттарды дайындау уақытын қысқарту;
- Ата-аналармен жедел әрі кәсіби кері байланыс орнату;
- Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының креативті сценарийлерін үлгілеу.
Курстың ең жауапты әрі маңызды кезеңі педагогикалық хакатон барысында ұсынылатын педагогтардың өз жобаларын қорғауымен жүзеге асады. Қатысушы педагогтар Астанада өткен хакатон алаңында өз мектептері мен сыныптарында туындайтын нақты мәселелерді ЖИ көмегімен шешудің жолдарын ұсынып, ЖИ құралдарын пайдалана отырып, интерактивті сабақ жоспарларын, оқушылардың деңгейіне қарай бейімделетін тапсырмалар базасын және цифрлық бағалау карталарын жасап көрсетеді.
Педагогикалық хакатонның алғашқы күнінде қатысушылар жасанды интеллект құралдарын шебер қолдана отырып, заманауи білім беру мазмұнын байытатын пәнаралық байланыс пен оқытудың озық әдістемелерін қамтитын, секунд ішінде модельденетін мазмұнды интерактивті сабақ жоспарларын, оқушылардың жеке ерекшеліктері мен білім деңгейіне қарай ЖИ арқылы автоматты түрде бейімделетін деңгейлік тестілер мен тапсырмалар базасын, интеллектуалды аналитикаға негізделген даму карталары әр оқушының академиялық үлгерімі мен даму динамикасын нақты уақыт режимінде сараптап, білім сапасын арттырудың жеке траекториясын құру бойынша жобаларын ұсынды.
Астанада өтіп жатқан педагогикалық хакатон мен «Ustazga AI» жобасы отандық білім беру жүйесінің заманауи жаһандық трендтерге бейімделіп, жаңа цифрлық дәуірге нық қадам басқанын айқын дәлелдеп отыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61