ДАМУ

Қазақстанда 1 шілдеге дейін 30 теміржол вокзалы жаңартылады

Елдегі көлік инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін республика бойынша 30 теміржол вокзалын реконструкциялаудан өткізіп, пайдалануға беру жоспарлануда, деп хабарлайды Bugin.kz

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Ведомство басшысының мәлімдеуінше, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар ең алдымен вокзалдардың өткізу қабілетін арттыруға, қауіпсіздік жүйесін заман талабына сай күшейтуге және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Министр елде теміржол инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту және салу бағдарламасының қарқынды жүзеге асырылып жатқанына тоқталып өтті. Бүгінгі таңда республика бойынша дәл осындай жаңарту жұмыстарымен 124 теміржол вокзалы қамтылып, оларда тиісті шаралар жүргізілуде.

1 шілдеге дейін олардың 30-ы пайдалануға берілуі тиіс:

Ауыл – Абай облысы;
Белағаш – Абай облысы;
Макинка – Ақмола облысы;
Бурабай – Ақмола облысы;
Жақсы – Ақмола облысы;
Шортанды – Ақмола облысы;
Қонаев – Алматы облысы;
Риддер – Шығыс Қазақстан облысы;
Талдықорған – Жетісу облысы;
Қазақстан – Батыс Қазақстан облысы;
Сегізгүл Мар – БҚО;
Шыңғырлау – БҚО;
Қарағанды-Сұрыптау (кері бағыт)
Жаңа Қарағанды – Қарағанды облысы;
Нұра – Қарағанды облысы;
Мырза – Қарағанды облысы;
Теміртау-2, – Қарағанды облысы;
Тобыл – Қостанай облысы;
Аманқарағай – Қостанай облысы;
Қушмурун – Қостанай облысы;
Қазалы – Қызылорда облысы;
Жаңақорған – Қызылорда облысы;
Шиелі – Қызылорда облысы;
Шетпе – Маңғыстау облысы;
Бозшакөл перроны – Павлодар облысы;
Тайынша – Солтүстік Қазақстан облысы;
Жаңаесіл – СҚО;
Саумалкөл – СҚО;
Жаңаарқа – Ұлытау облысы;
Қызылжар – Ұлытау облысы.

Көлік министрінің айтуынша, Көкшетау, Көктума, Ақши, Маңкент және Балқаш-2 вокзалдарындағы жөндеу жұмыстары қазіргі уақытта аяқталу сатысында тұр. Сонымен қатар елімізде жолаушылар вагондары паркін белсенді түрде жаңарту процесі қарқынды жүруде: 2025 жылы 175 жаңа вагон сатып алынса, биыл тағы 191 вагонды қолданысқа беру жоспарланған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61