БІЛІМ

Түркістандық түлек әлемнің 80 университетінен шақырту алды

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының тумасы Медина Бектұрсынқызы халықаралық деңгейде жоғары академиялық нәтиже көрсетіп, әлемдік білім беру орталықтарының назарын аударды. Білімге құштар қазақ қызы АҚШ, Канада, Ұлыбритания, БАӘ, Түркия және Еуропаның бірнеше елінің жетекші университеттерінен шақырту алып, отандық білімнің әлеуетін халықаралық деңгейде дәлелдеді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Медина Бектұрсынқызы  халықаралық IELTS және SAT емтихандарын үздік тапсырып қана қоймай, республикалық «Ой зерек» олимпиадасының жеңімпазы атанған. Сонымен қатар Медина бүгінгі күннің ең өзекті бағыты — жасанды интеллект саласына арналған ғылыми жұмысын ағылшын тілінде сәтті қорғап, республикалық конференцияда бас жүлдені иеленген. Ғылым мен технологияны терең меңгерген қазақ қызының бұл жетістігі еліміздің мақтанышына айналды.

Өзіне жолданған ондаған тиімді әрі тартымды ұсыныстардың ішінен мақтааралдық бойжеткен Оңтүстік Кореяда орналасқан әйгілі әрі беделді Inha University жоғары оқу орнын таңдап алды. Әлемдік деңгейдегі білім алпауыттары жарыса шақырған заманауи университеттердің арасынан дәл осы білім ордасына тоқталуы — оның болашақ кәсіби мақсаттарымен тығыз байланысты.

Медина шетелде меңгерген заманауи білімі мен халықаралық деңгейде жинақтаған озық тәжірибесін алдағы уақытта туған Отанымыздың дамуы мен Қазақстанның игілігіне жұмсауды басты мақсат етіп отыр.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61