ДАМУ

Елімізде еңбекақыны арттыру саясаты жалғасады

Азаматтардың нақты табысын сақтау және оны еселеу – бүгінгі еңбек нарығының алдында тұрған негізгі талап. Осы орайда қабылданған Жаңа Кешенді жоспар аясында жұмыскерлердің жалақысын одан әрі өсіру шаралары үздіксіз жалғасатын болады. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Gov.kz

Азамат Әмриннің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта қосылған құндағы еңбекақы қорының үлесі шамамен 30,6%-ға тең, ал орташа және медианалық жалақы арасындағы айырмашылық 39,2%-ды көрсетіп отыр.

Мәселені шешу аясында ең төменгі жалақыны өсіру, жалдамалы жұмысшылар мен азаматтық қызметшілердің табысын арттыру жоспарлануда. Бұған қоса, табиғи монополиялардың өндірістік мамандарының орташа айлығы көбейіп, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы әр үш жыл сайын индекстеліп отырады. Сонымен қатар, құжат аясында әлеуметтік әріптестікті дамытудың кешенді тетіктерін іске асыру көзделген.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61