БІЛІМ

PhD түлектерінің грант өтеу ережесі өзгерді: Мектептер білікті кадрлармен толығады

Мемлекеттік грант негізінде докторантураны (PhD) тәмамдаған жас ғалымдардың мектептер мен өзге де білім беру ұйымдарында еңбек етіп, міндетті жұмыс өтеу мерзімін өтеуіне жол ашатын маңызды заңдық түзетулер ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Осыған дейін ғылым докторлары тек жоғары оқу орындарында, ғылыми институттарда немесе мемлекеттік органдарда ғана жұмыс істеуге міндеттелді. Енді жас ғалымдар тек жоғары оқу орындарының шеңберімен шектелмей, орта білім беру саласында да ешқандай шектеусіз қызмет ете алады және олардың мектептегі еңбегі міндетті жұмыс өтеу мерзімі ретінде заңды түрде толық есептеледі.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Біздің мектептерге және басқа да білім беру ұйымдарына дәл осындай терең білімі бар мықты PhD докторлары өте қажет еді. Бірақ қатал норманың кесірінен жас мамандар мектепке бара алмайтын, өйткені ол жақтағы жұмыс міндетті өтеу мерзімі ретінде есептелмейтін. Біз бұл кедергіні алып тастадық. Мектептер мен білім беру ұйымдары мықты кадрлармен күшейеді. Балаларымыз заманауи зерттеушілерден тікелей дәріс алады. Түлектерге таңдау беріледі. Олар тек жоғары оқу орындарымен шектелмей, орта білім беру саласында да кедергісіз қызмет ете алады. Ондағы жұмыс өтеу мерзімі заңды түрде толық есептеледі. Мықты ғалымдар тек жоғары оқу орындарында ғана емес, мектептерде де аса қажет» - деп жазды Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

Бұл қадамның нәтижесінде еліміздің мектептері ең үздік, жоғары білікті кадрлармен күшейіп, білім сапасы жаңа деңгейге көтерілмек. Ендігі жерде мектеп оқушылары заманауи зерттеушілерден тікелей дәріс алып, ғылымға ерте жастан бағыт алу мүмкіндігіне ие болады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61