МӘДЕНИЕТ

Маңғыстауда Джеки Чанның қатысуымен халықаралық фильм түсіріле бастады

Маңғыстау облысында әлемдік кино жұлдызы Джеки Чан басты рөлді сомдайтын «Құдайдың сауыты 4» ауқымды халықаралық жобасының түсірілім жұмыстары басталды. Аймақтың ерекше табиғаты мен таңғажайып ландшафты шетелдік кинематографистердің назарын аударып, жаңа туындының негізгі локациясына айналып отыр, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Өңір әкімдігі мәліметінше, жобаның негізгі кадрлары әлемге танымал Бозжыра шатқалында таспалануда. Аталған халықаралық жоба отандық киноиндустрияны дамытуда және елдің туристік әлеуетін сыртқы нарықтарда ілгерілетуде стратегиялық маңызға ие. Аймақтың қайталанбас табиғи ландшафттары мен тарихи орындарының әлемдік деңгейдегі туындыда көрсетілуі шетелдік саяхатшылар ағынын ынталандыруға, өңірлік туризм инфрақұрылымын дамытуға және мемлекеттің халықаралық аренадағы оң имиджін қалыптастыруға тікелей ықпал етеді.

Айта кетейік, бұған дейін әлемдік кино жұлдызы Джеки Чан мен белгілі режиссер Роберт Кун жаңа ірі киножобаның негізгі түсірілім алаңы ретінде дәл осы Маңғыстау өңірін бекіткені хабарланған болатын. Жоспар бойынша түсірілім жұмыстары биыл толықтай аяқталып, туынды 2027 жылдың ақпан айында үлкен экрандарға жол тартады.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61