ТЕХНОЛОГИЯ

Қазақстанда үшінші ресми валюта енгізілді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов цифрлық теңгенің қолданысқа енгізілетін негізгі бағыттарын таныстырды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Брифинг барысында вице-министр Ұлттық Банкпен серіктестік аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның мәлімдеуінше, салықтық әкімшілендіру, субсидиялау, инфрақұрылымдық жобалар және мемлекеттік сатып алу жүйесін қоса алғанда, түрлі секторларда 20-ға жуық пилоттық бастама сынақтан өткізілген.

«Бұл - пилоттық жобалар жақсы нәтиже көрсетті. Осыған байланысты бүгін Ұлттық Банк пен Үкімет цифрлық теңгені шығару жоспарын бекітті. Нормативтік-құқықтық жағы да бекітілді. Бұл - ресми түрде Қазақстандағы үшінші валюта», - деді вице-министр.

Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов  бұл валютаның кезеңдік негізде енгізілетінін нақтылады. Оның басты мақсаты — мемлекеттік бюджет шығындарының мақсатты әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз ету және оны қадағалау.

«Бұл - қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз ақшамен қатар жүретін ұлттық валютаның үшінші түрі. Бүгінгі таңда цифрлық теңге платформасының мәртебесі және оның жұмыс істеу тәртібі заңнамалық түрде бекітілген. Айналымға шамамен 339 млрд цифрлық теңге шығарылды. 20-дан астам пилоттық жоба іске асырылды. Цифрлық теңгені қолдану бюджет қаражатының ашықтығы мен пайдаланылуын бақылауды арттыруға, олардың нысаналы жұмсалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді вице-министр.

Брифингте мемлекеттік сатып алу, субсидиялау және салықтық әкімшілендіру бағыттарында жүзеге асырылған пилоттық жобалар жаңа құралдың жоғары тиімділігі мен функционалдық әлеуеті нақтыланды.

Айта кетейік, 2026 жылдың қаңтарында Президент қол қойған банк қызметі туралы жаңа заң аясында цифрлық теңгенің құқықтық мәртебесі бекітіліп, қаржы институттарының қызметіне қатысты жаңа талаптар жүйесі енгізілді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61