САЯСАТ
Францияның Эвиан-ле-Бен қаласында өткен саммитте «Үлкен жетілік» елдері Ресейдің мұнай-газ экспортына тосқауыл қоятын жаңа санкциялар енгізуді келісті, деп хабарлайды Bugin.kz DW басылымына сілтеме жасап.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Басылымның хабарлауынша, бұл шешім G7 көшбасшыларының қорытынды мәлімдемесінде ресми түрде көрсетілген.
«Біз Ресейдің әскери экономикасына қысымды күшейтуге міндеттенеміз. Осы тұрғыда біз санкцияларымызды, соның ішінде мұнай-газ секторына қарсы шараларды нығайтамыз», - делінген құжатта.
Саммит барысында G7 елдері өз бостандығы мен егемендігін және аумақтық тұтастығын қорғап жатқан Украинаны қолдау мәселесінде ұстанымдарының мызғымас әрі ортақ екенін нақтылады.
«Біз маңызды инфрақұрылым нысандары мен мәдени мұраларына жасалған соққылардан зардап шегіп жатқан Украина халқымен ынтымақтастығымызды тағы да растаймыз. Біз Украинаның төзімділігі мен кейінгі айлардағы майдан даласындағы жетістіктерін жоғары бағалаймыз, сондай-ақ қазір онда жаңа динамика байқалып отырғанын атап өтеміз», - деп көрсетілген мәлімдемеде.
G7 елдері бұл динамиканы қолдау үшін Украинаға әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін, зымырандар мен алыс қашықтықтағы қаруларды жеткізуді көбейтпек. Сондай-ақ Украинаның өз ішінде әскери өндірісті дамытуға мүмкіндік беретін лицензиялар бөлу мәселесі де талқыланды.
Еске сала кетейік, G7 елдеріне Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония және Канада кіреді. Ақ үй басшысы Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен және Украина көшбасшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы келіссөз жүргізген еді. Онда Трамп Украинадағы соғыс қимылдарын тоқтату қажеттігін тағы де қолдады. Сондай-ақ ол еуропалық серіктестерге де, Киевке де, соның ішінде G7 саммиті аясындағы алдағы байланыстар барысында ықпал етуге дайын екенін жеткізді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61