БІЛІМ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласына еңбегі сіңген бірегей медицина қайраткерлерінің есімін салалық жоғары оқу орындарына беру туралы бастаманы мақұлдады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ақорда
«Маңдайалды отандық жоғары мектептердің бірі ретінде танылған «Астана медицина университеті» цифрлық денсаулық сақтау мен биомедицинаны табысты дамытып келеді. Үкімет аталған оқу орнының айқын жетістіктерін ескеріп, ол ең жоғары – Ұлттық университет мәртебесін алуға әбден лайық деп санайды. Бұл ұсынысты қолдаймын. Сонымен қатар астаналық университетке көрнекті ғалым, отандық тағамтану ғылымы мен профилактикалық медицинаның негізін салушы, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың есімін беру орынды болар еді», – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шешімнің ел тарихы мен медицина қауымдастығы үшін маңызы өте жоғары екенін қадап айтты.
«Қарағанды медициналық университетіне осы оқу орнының негізін қалаған әрі оны ұзақ жылдар бойы басқарған Петр Моисеевич Поспеловтің атын беру туралы Үкімет пен медициналық қоғамдастықтың бастамасын қолдаймын. Белгілі Қарағанды медицина мектебінің бастауында тұрған әйгілі тұлғаның 125 жылдығы қарсаңында мұндай шешімнің қабылдануы – тарихи әділеттілік», – деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл бастама еліміздегі жетекші медициналық ЖОО-ларға танымал ғалымдардың есімдерін бере отырып, олардың отандық ғылым мен білім беру жүйесін дамытудағы тарихи еңбегін дәріптеуді көздейді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61