ҚОҒАМ
Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауыл ішімдік сату мен тұтынудан түбегейлі бас тартты. Өңірде ішімдіктен бас тартқан ауылдардың жалпы саны 28-ге жетіп отыр, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, бұл қатарды соңғы болып Тарбағатай ауданына қарасты Қамысты ауылының тұрғындары толықтырған. Жергілікті халық ішімдік өнімдерін тұтынудан толықтай бас тарту туралы бір ауыздан шешім қабылдаған.
«Бүгінде ауылда 22 үй бар, онда 89 адам тұрады. Тұрғындар санының аздығына қарамастан, ауыл халқы қоғамдық өмірге белсенді араласып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, отбасылық құндылықтарды сақтауға және қоғамдағы қолайлы ахуалды нығайтуға ерекше көңіл бөледі. «Алкогольсіз ауыл» бастамасына қосылу туралы шешімді жергілікті жұрт ерікті түрде және бірауыздан қабылдады, – делінген ақпаратта.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ішімдіктен бас тарту денсаулықты жақсартуға, қоғамдық жауапкершілікті арттыруға және өскелең ұрпаққа дұрыс тәрбие беруге қолайлы орта қалыптастырады. Осындай игі бастама негізінде Қамысты ауылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша алкогольсіз өмір салтын таңдаған 28-ші елді мекен болып тіркелді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61