Weekend
9 мамырдан бастап қазақстандық кинотеатрлардан көрсетіледі
9 мамырдан бастап қазақстандық кинотеатрларға Моңғолия ұсынған "Кровавый транзит" фильмі көрермендерге жол тартпақ. Фильмде басты рөлді Жандос Айбасов пен Санжар Мадиев сомдайды. Фильмнің режиссирі американдық Дрю Томас.
ФБР Уэйд Далтон АҚШ мемлекетінде ұсталған адам сатушы ісімен айналысатын қауіпті қылмыскер Серік Ибраевты Ұлан-Батор қаласында өтетін сотқа жауап беру мақсатында жеткізу міндеті жүктеледі. Оған Ганзориг атты моңғолияның полиция қызметкері көмектеседі. Екеуіне қылмыскерді келісілген уақытта діттеген жеріне жеткізу оңайға түспейді. Себебі жол бойы оларды қауіпті мафия мүшелері жолдарын кеспек болады. Бұл жолда Серік өзінің бала күнгі досы, серіктесі болған Тенжинмен кездесіп қалады.
"Фильмнің жабық көрсетіліміне бара жатқан кезде қандай фильм болар екен? Моңғолия түсірген фильмдер біздің фильмдермен салыстыруға бола ма?" деген сияқты көп оймен бардым. Бірден айту керек, фильм мен күткеннен де күшті болып шықты. Сонымен фильм несімен ұнады:
1. Актерлық құрам. БАҚ өкілдеріне арнлаған көрсетілімде фильмнің продюсері айтқандай, фильмнің сценариі жазылған кезде бірден Санжар Мәдиев және моңғол актерлары түсіріледі деп бірден соларды елестетіп отырып жазылған. Расымен, олар қателеспеген сияқты. Санжарды көбі мойындамайды, бірақ, оның актерлығы керемет. Бұл фильмде ол өзін жақсы қырынан аша түскен. Адам сатушы бола тұра, оның сымбаттылығын, мейірімін, ақылдығын, тіпті төбелесу мәнерін ұнатып отырасың.
Ал Жандостың орнына басында Еркебұлан Дайыров қарастырылыпты. Бірақ, Жандосты Санжар ұсынғандықтан, Жандостың киноларын қарап шыққан американдық режиссер бірден Жандосты ұнатқан. Фильмдегі Жандос өзінің қатыгез, жауыз, нағыз мафия әлемінде жүрген адам екеніне сендіре алды. Оның қозғалысы, сөйлеу мәнері, тіпті киіну стилі ұнады, расымен оны бір сәтте жеккөріп кетуге болады.
Моңғолияның актриса қызы әдемі, нәзік. Оның бар мақсаты сол болғасын, ол бірден қыз бірден көзге түседі.
Жандос пен Санжардың тандемі әдемі шыққан. Әсіресе екеуінің жеке төбелесі адамды бей-жай қалдырмайды.
2. Сценарий. Бір фильмдердің сценариіне ұқсаттым, бірақ өз ерекшеліктері бар. Біздің комедиядан жалыққан ортамызға жаңа леп болатынына сенімдімін. Атыс-шабысты жақсы көретіндер үшін фильм өте жақсы шыққан. Төбелес кезінде қандай тәсілдер қолдануға болатынын көруге, байқауға болады. Фильм адамды жалықтырмайды.
3. Түсіру сапасы. Сапа бірден көзге түседі. Картина сізге фильмдегі атмосфераны береді. Бір сәт Моңғолияның қақ ортасында алтын іздеушілерді қинаушылармен отырсаңыз, бір сәтте пойыздың ішіндегі төбелестің ортасында отырып алып тамашалап отырғандай боласыз.
Меніңше, Жандос пен Санжарға әлемдік киноға жол ашық. Екеуінің актерлық таланты күшті және екеуі қандай рөл болмасын алып шығуға тырысады. Фильмді қараңыз, өкінбейтініңіз анық.