ҚОҒАМ
Қазақстанның қаржы нарығында 2012 жылғы үлгідегі 2000 теңгелік банкноттардың айналым мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Bugin.kz
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Ұлттық банктің хабарлауынша, айналым мерзімі біткен соң да бұл купюраларды үш жыл ішінде екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінен еш қиындықсыз ауыстырып алуға болады. Ал Ұлттық банктің өз филиалдары ескі ақшаны уақыт шектеуінсіз, мерзімсіз қабылдай береді.
Бұған дейін маусым айының соңында айналымнан шығуы тиіс болған 2012 жылғы үлгідегі 10 000 теңгелік банкноттың мерзімі ұзартылды. Ұлттық банктің шешімімен бұл купюра 2027 жылдың шілдесіне дейін заңды төлем құралы ретінде қатар қолданыла береді.
Ұлттық банк бұл шешімді қос банкноттың айналымын бір мезетте тоқтату екінші деңгейлі банктер жүйесіне қосымша салмақ салатындығымен түсіндірді. Мұндай тәсіл азаматтар мен кәсіпкерлердің ескі купюраларды жаңа үлгідегі ақша белгілеріне біртіндеп және жоспарлы түрде айырбастауына жағдай жасайды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61