ҚОҒАМ

19 шілдеден бастап барлық банкке ортақ QR-код болады

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстандағы банктер бірыңғай QR-код жүйесіне 19 шілдеден бастап қосылатынын растады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Тимур Сүлейменовтің мәліметінше, 18 шілдеде банктерді ортақ QR-код стандарты жүйесіне қосылуға міндеттейтін заң нормалары қолданысқа енеді.

«19 шілдеден бастап QR төлемдердің бірыңғай банкаралық жүйесі іске қосылады. Парламенттің қолдауы арқасында биылғы 1 мамырдан бастап экономиканың жаңа саласы – цифрлық активтер индустриясын іске қосудың құқықтық негізі қаланды. Заманауи, айқын және институционалды орта құрылды. Ұлттық банктің реттеу ортасы базасында цифрлық қаржы активтері саласында 30-дан астам инновациялық жоба іске қосылды. Осы жылы Ұлттық қордың активтерін жаңа нысаналы локациялауға көшіруді жоспарлап отырмыз», – деді Тимур Сүлейменов Сенаттың жалпы отырысында.

Бірыңғай QR-код жүйесі Қазақстан халқына қай банктің терминалы қолданылып тұрғанына қарамастан, бірыңғай QR арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61