ҚОҒАМ
Ақтөбеде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының спутниктік түсірілімдері мен дрондарды қолдана отырып, қала аумағында жалпы 32 заңсыз қоқыс полигонын анықтады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дерекккөз
Қадағалау органы таратқан мәліметке сүйенсек, шаһардың қос аумағында заңсыз полигондар пайда болған. Нақтырақ айтсақ, Алматы ауданында – 17, ал Астана ауданында 15 экологиялық заң бұзушылық дерегі есепке алынды.
«Алдағы уақытта осындай жұмыстар облыс аудандарында да жалғасын табады. Облыс тұрғындары мен қонақтарын экологиялық заңнама талаптарын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырамыз», - деді құзырлы орган өкілдері.
Орын алған келеңсіздіктерге байланысты аталған екі аудан әкімдерінің орынбасарларына әкімшілік айыппұл салынып, жауапқа тартылды. Сонымен қатар қала басшылығына бұл олқылықтардың салдарын шұғыл арада жою жөнінде ресми нұсқаулық жолданды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61