БІЛІМ

Қазақстан мектептерінде 7-сыныпқа дейін ұялы телефон ұстауға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстан мектептерінде ұялы телефон қолдануға қатысты талап күшеймек. Жаңа ережеге сай, бастауыш және орта сынып оқушылары сабақ басталмас бұрын телефондарын арнайы орынға тапсыруға міндеттеледі деп күтілуде, деп хабарлайды Bugin.kz.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Оқу-ағарту министрлігі мектептерде смартфон қолдануды реттейтін ортақ ереже әзірлеп жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Министрдің мәлімдеуінше, бастауыш пен орта буынға қатысты шектеулер қарастырылғанымен, жоғары сынып оқушылары үшін телефон пайдалану тәртібі әлі де талқылану үстінде.

Министр жоғары сынып оқушылары білім беру платформаларын жиі қолдануына және ҰБТ, SAT емтихандарына дайындық барысында цифрлық ресурстарға жүгінетініне байланысты шектеулер жеңілдеу болуы мүмкін екенін атап өтті.

«Телефондарға қатысты қазір арнайы ереже әзірлеп жатырмыз. Менің ойымша, жоғары сыныптарда смартфон қажет болады, өйткені көптеген пәндер онлайн-платформалар арқылы өтеді. Сонымен қатар оқушылар ҰБТ мен SAT-қа дайындалады. Бұл мәселелерді әлі де мұғалімдермен талқылаймыз. Ал басқа жағдайларда 7-сыныпқа дейінгі оқушылар сабақ кезінде смартфондарын тапсыруы керек», деді Жұлдыз Сүлейменова.

Бұған дейін елімізде білім беру және педагог мәртебесі туралы заңдарға енгізілетін түзетулер аясында оқушылардың мектепте смартфон пайдалану жауапкершілігін ата-аналарға жүктеу мәселесі қарастырылып жатқандығы хабарланған болатын. Осыған байланысты әзірленген жаңа ереже бойынша, оқушы сабақ кезінде телефон қолданып, тәртіпті алғаш рет бұзса ескерту жасалады, ал бұл жағдай қайталанса, мектеп әкімшілігі шақырған полиция қызметкерлері ата-анаға 5 АЕК (шамамен 19,5 мың теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл рәсімдей алады.

 

 

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61