МӘДЕНИЕТ
Қазақстандық музыкант әрі композитор Дана Зұлпыхар әлемдік киноиндустрияда Netflix стриминг платформасының ауқымды жобаларының бірі — «Аватар: Аанг туралы аңыз» (Avatar: The Last Airbender) сериалының екінші маусымының саундтрегін дайындайтын шығармашылық топтың құрамына енді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Дана Зұлпыхардың әлеуметтік желідегі парақшасынан
Жобаның басты ерекшелігі де осында – қазақстандық композитордың шығармашылық топқа қосылуының нәтижесінде миллиондаған көрермені бар фэнтези сериалда ұлттық музыкалық мұрамыз насихатталмақ. Танымал туындының саундтрегінен домбыра мен қобыздың үні ерекше нақышта орын алады деп күтілуде.
Бұл туралы Дана Зұлпыхар Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.
«Netflix сериалы үшін домбыра мен қобызды жазу – мен үшін үлкен мәртебе», – деп жазды Дана Зұлпыхар.
Айта кетейік, қазіргі таңда Дана Зұлпыхар АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тұрады және сол жақта өзінің шығармашылық қызметін белсенді жалғастырып келеді. Ол негізінен киноиндустрияға арналған музыка жазумен қатар, авторлық әндерін де жарыққа шығарумен айналысады. Көпшілік асыға күткен «Аватар: Аанг туралы аңыз» сериалының екінші маусымы жақын уақытта Netflix платформасында көрерменге жол тартады деп жоспарлануда. Отандық сазгердің туындылары мен ұлттық аспаптарымыздың үні танымал жобаның ажырамас бөлігіне айналатын күн де алыс емес.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61