ҚОҒАМ

Қазақстанға жыл басынан бері 3 миллион шетелдік турист келген

Отандық туризм саласы оң серпін көрсетуде. Ұлттық статистика бюросы таратқан соңғы деректерге сүйенсек, жыл басынан бері еліміз 3 миллион шетелдік саяхатшыны қабылдаған. Бұл көрсеткіш ішкі нарықтағы қонақүйлер мен шипажайларға сұраныстың артуына және қызмет көрсету көлемінің өсуіне жол ашты, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Өткен жылдың қорытынды есебіне сүйенсек, елге 15,7 млн шетелдік азамат келген, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 3,1%-ға жоғары.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанға туристердің көбі Өзбекстаннан ағылуда. Мәселен, алғашқы 3 айдың қорытындысы бойынша Өзбекстаннан 1,1 млн саяхатшы келген. Сонымен қатар елімізге сапарлайтындар қатарында Қырғыз Республикасы (723,5 мың адам) мен Ресей (564,7 мың адам) азаматтары да алдыңғы шепте. Мамандар мұны өңірлік логистика мен өзара экономикалық-мәдени байланыстардың нығаюымен түсіндіреді.

Ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі есеп бойынша, республика аумағында келушілерді қабылдайтын 4 505 орналастыру нысаны (қонақ үйлер, шипажайлар мен заманауи демалыс базалары) тіркелген.

Статистикалық деректерге сүйенсек, туристер арасында сұранысқа ие демалыс орындарының географиясы да айқындалды. Алматының тау кластері 509,3 мың келушіні тартып, рейтингте көш бастап тұр. Ал үздік бестіктің қатарындағы Шортанды-Бурабай курорттық аймағына — 116,7 мың, Маңғыстаудың демалыс аймағына — 53,3 мың, тарихи Түркістан өңіріне — 39,4 мың және Шығыстың маржаны саналатын Алтай курорттық аймағына 30,3 мың саяхатшы табан тіреген.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61