САЯСАТ

Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрылтай құрамына нағыз отаншыл, бастамашыл әрі мемлекетшіл тұлғалар, яғни тек үздіктер ғана кіруі керек

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында Құрылтайды жаңа тұрпатты Қазақстанның маңызды символы ретінде атады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Aqorda

«Құрылтай – жаңа тұрпатты Қазақстанның маңызды символы. Сондықтан оның құрамына нағыз отаншыл, бастамашыл әрі мемлекетшіл тұлғалар, яғни тек үздіктер ғана кіруі керек. Себебі халық реформалардың қаншалықты нәтижелі болғанын дәл осы Құрылтайдың қызметіне қарап бағалайды. Осындай маңызды сәтте мен тағы бір мәрте Сенат пен Мәжілістің басшылығына және депутаттарына шынайы ризашылығымды білдіремін. Себебі сіздер мемлекетіміздің игілігі үшін адал әрі қажырлы еңбек еттіңіздер. Жұрттың мұң-мұқтажын батыл көтеріп, ұлт мүддесін бәрінен биік қоя білдіңіздер», – деді Президент.

Президентіміздің айтуынша, жаңа дәуір – мемлекетіміз үшін жаңа мүмкіндіктер кезеңі. Мемлекет басшысы өз сөзінде қазіргі кезеңнің стратегиялық маңызына осылай баға берді.

«Депутаттардың бірқатары Құрылтайға өтіп, ел игілігі жолында еңбек ете береді деп ойлаймын. Қазақстан Халық Кеңесінде де өздеріңіз секілді білікті азаматтар болуы керек деп санаймын», – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, соңғы үш жылдың ішінде Қазақстанда еліміздің алдағы дамуына арқау болатын 300-ден астам маңызды заңнамалық акті күшіне енді. Парламенттің бірлескен отырысында Президент Тоқаев бұл тарихи құжаттардың, соның ішінде жаңа кодекстер мен жаңа Конституциялық заңдардың мемлекет болашағы үшін стратегиялық мәні зор екенін ерекше атап өтті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61