САЯСАТ

Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа бір палаталы Парламенті – Құрылтайға сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Aqorda

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық -техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын.

4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген жарлық мәтінінде.

Айта кетейік, 5 наурызда өткен республикалық референдумда дауыс берген азаматтардың 87,15 пайызы конституциялық өзгерістерді қолдаған болатын.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61