ҚОҒАМ
Көшелерде белгісіз QR-кодтардың көбеюіне байланысты ҚР Полиция Департаменті ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
QR-кодтардың заманауи қоғамда кеңінен қолданылуы алаяқтықтың жаңа түрлерінің пайда болуына түрткі болды. Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіру және жеке мәліметтерін иемдену мақсатында аталған технологияны қылмыстық схемаларына бейімдеп алған.
«Көшедегі, аялдамалардағы, кіреберістегі немесе жарнама ілуге арналған тақтайшалардағы QR кодты сканерлемес бұрын қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз. Себебі алаяқтар түпнұсқа кодтың орнына өздерінің QR кодын жапсырып, адамдарды қауіпті сайттарға бағыттауы мүмкін. Мұндай сілтемелердің мақсаты әртүрлі болуы ықтимал. Сіздің жеке мәліметіңізді немесе банк карталарының дерегін алуға тырысады. Көп жағдайда азаматтар төлемді дұрыс жасадым деп ойлағанымен, қаражат алаяқтардың есепшотына аударылып кетеді», - деді ІІМ өкілдері.
Күмәнді QR кодтың негізгі белгілері:
QR код басқа жарнаманың үстіне жапсырылған;
Хабарландыру ресми безендірілмеген;
«Сыйлық алыңыз», «Тек бүгін», «Жедел сканерлеңіз» деген сияқты асықтыратын мәтіндер жазылған;
Ұйымның атауы немесе байланыс дерегі көрсетілмеген.
Полиция белгісіз QR кодты себепсіз сканерлемеуге; сілтеме ашылар алдында оның интернет мекенжайын мұқият тексеруге; күмәнді сайттарға жеке дерегіңізді, банк картасының мәліметін немесе SMS арқылы келген растау кодын енгізбеуге шақырды.
Күмәнді QR кодты сканерлеп, жеке дерегіңізді енгізіп қойған болсаңыз, дереу банкке хабарласып, картаңызды бұғаттаңыз. ️
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61