ҚОҒАМ

Елімізде қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артуда

Соңғы уақытта елімізде мемлекеттік тілдегі әдебиеттерді оқуға деген қызығушылық артты. Ағымдағы жыл ішінде халыққа ұсынылған 88,9 миллион басылымның 60,1 пайызын (53,4 миллион) қазақ тіліндегі кітаптар құраған, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Бұл үрдіс кітапхана қорларының жаңару қарқынынан да анық көрінеді: республиканың кітапхана желілеріне 906,5 мың дана жаңа әдебиет келіп түскен, оның ішінде мемлекеттік тілдегі басылымдардың үлесі 662,3 мың дананы құрады. Қазіргі уақытта еліміздің көпшілік кітапханаларындағы қазақ тіліндегі әдебиеттердің жиынтық қоры 30,3 миллион данаға жетті.

Оқырмандар арасында көркем шығармалар мен тіл біліміне қатысты туындыларға деген сұраныс жоғары. Бұл бағыт жалпы берілген кітаптардың 57,6 пайызына (51,3 миллион) тең. Статистикаға сүйенсек, кітапханалардың негізгі оқырмандары ретінде 1,75 миллион бала мен 1,38 миллион жас буын өкілдері алға шықса, ересек оқырмандардың саны 2,4 миллион адамды құрады. Ал аймақтар бойынша кітапқа қызығушылығы жоғары өңірлердің көш басында 47 пайыздық көрсеткішпен Павлодар облысы тұр, одан кейінгі орындарды Солтүстік Қазақстан (45%) және Батыс Қазақстан (42%) облыстары иеленді.

Мамандардың пайымдауынша, бұл оң көрсеткіштер отандық кітапханалардың заманауи мәдени-ағартушылық орталық ретіндегі рөлінің күшейе түскенін көрсетеді. Мемлекеттік тілдегі кітаптарға деген жоғары сұраныс, ана тіліміздегі әдебиеттің трендке айналуы, көркем сөз өнерінің кеңінен дәріптелуі және өскелең ұрпақтың зияткерлік белсенділігі елдегі оқу мәдениетін жаңа сапалық деңгейге көтеріп отыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61