ТЕХНОЛОГИЯ

Кореяны бағындырған Desargus AI: Қазақстандық стартап жаһандық Deep Tech додасында топ жарды

Қазақстанның IT саласы халықаралық деңгейде жаңа белесті бағындырып, әлемдік инженерия алпауыттарын артқа қалдырды. Маусымның 16-19 аралығында Оңтүстік Кореяда өткен беделді E5 Global KAIST Startup Competition байқауында отандық Desargus AI стартапы сенсация жасады. Дүниежүзінің ең мықты ғылыми орталықтарынан жиналған Deep Tech жобаларымен иық тіресе бәсекелескен отандастарымыз ел абыройын асқақтатты, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Desargus AI командасы Корея төріндегі жаһандық додада 2-орынды иеленіп, жоғары деңгейдегі Excellence Award марапатын қанжығасына байлап, QAIST жобасының үздігі атанды. KAIST (Korea Advanced Institute of Science and Technology) сынды технологиялық алып қабырғасында мұндай жүлдеге қол жеткізу — қазақстандық жасанды интеллект дамытушыларының интеллектуалдық әлеуеті мен техникалық деңгейінің әлемдік трансформацияға толық дайын екенін айқын көрсетті.

Қазақстан тек дайын IT-өнімдерді тұтынумен қатар күрделі ғылым мен инженерияға негізделген Deep Tech бағытында әлемдік трендтерді қалыптастыра алатын қуатты күшке айналып келеді. Desargus AI-дың бұл триумфы отандық стартап-экожүйенің халықаралық деңгейдегі инвестициялық бағытын еселей түсері сөзсіз.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61