ҚОҒАМ
Халықаралық «Numbeo» платформасының 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығына арналған жаңартылған есебі бойынша, Алматы Орталық Азиядағы өмір сүру құны ең жоғары қала атанды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Әлемнің 547 ірі қаласын қамтыған ауқымды зерттеуде қалалардағы өмір сүру деңгейі Нью-Йорктің базалық 100 балдық көрсеткішімен салыстырылған. Бұл рейтингте Алматы жаһандық тізімде 409-орынға тұрақтаған.
Нақты статистикалық деректерге сүйенсек, Алматының өмір сүру құны индексі 38,7 баллды құрап отыр. Бұл көрсеткіш бойынша еліміздің елордасы Астанада өмір сүру едәуір арзанға түседі, өйткені мұндағы индекс 32,8 баллға тең. Әсіресе тұрғын үйді жалға алу бағасында үлкен айырмашылық байқалады: Алматыда бұл индекс 16,2 болса, Астанада небәрі 12,6 баллды көрсеткен.
Орталық Азия өңіріндегі ең қымбат қалалардың алғашқы бестігіне Қазақстанның екі мегаполисінен бөлек, көршілес елдердің астаналары да енді. Рейтингтің бірінші және екінші сатысын Алматы мен Астана иеленсе, одан кейінгі орындарға Өзбекстанның Ташкенті, Қырғызстанның Бішкегі және Тәжікстанның Душанбе қалалары жайғасқан.
Әлемдік рейтинг бойынша, өмір сүру құны ең жоғары қалалардың көшін Швейцарияның Цюрих қаласы бастап тұр. Алғашқы бестікке Люцерн, Базель және Женева сияқты швейцариялық шаһарлар енген. Numbeo мамандары бұл рейтингті жасау барысында азық-түлік бағасын, қоғамдық тамақтану орындарындағы қызмет құнын, пәтер жалдау ақысын және халықтың сатып алу қабілетін басты назарға алған. Осы көрсеткіштер жиынтығы қала тұрғындарының нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61