Bugin

DARYN.ONLINE: 4,2 МИЛЛИОН ПАЙДАЛАНУШЫ ДЕРЕКТЕРІНІҢ ТАРАП КЕТКЕНІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙДЫ

Daryn.online платформасы пайдаланушыларының деректерінің тарап кеткені туралы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таралған ақпаратқа байланысты төмендегіні хабарлаймыз.
Бүгінгі таңда 4,2 миллион пайдаланушының деректеріне нұқсан келтірілгені туралы ақпарат расталған жоқ және компаниядағы нақты мәліметтерге сәйкес келмейді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Daryn.online

Daryn.online үшін пайдаланушылардың жеке деректерінің қауіпсіздігі мен қорғалуы – басты мәселе. Компания деректердің құпиялылығын сақтау және ақпараттық инфрақұрылымды қорғау мақсатында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және техникалық шараларының кешенін қолданады.

Қазіргі уақытта мамандардың қатысуымен жан-жақты техникалық аудит жүргізілуде. Аудит аяқталғанға дейін жарияланды делінген деректер базасының көлемі, құрамы немесе шығу тегі туралы кез келген мәлімдеме шындыққа жанаспайды әрі нақты дәлелдермен расталмаған болжам болып табылады.

Тексеру қорытындысы бойынша компания толық әрі ресми ақпаратты жариялайды. Сонымен қатар 2025 жылы Daryn.online ақпараттық жүйелері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін қоса алғанда, уәкілетті мемлекеттік органдардың тексеруінен өткенін атап өтеміз. Тексеру нәтижесінде компанияда қолданылатын ақпараттық қауіпсіздік шараларының талаптарға сәйкестігі расталды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, блогерлерді және пайдаланушыларды тек компанияның ресми ақпаратына сүйенуге және қоғамды жаңылыстыруы әрі пайдаланушылар арасында негізсіз алаңдаушылық туғызуы мүмкін расталмаған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырамыз. Бұл мәселеге қатысты ресми ақпарат аудит аяқталғаннан кейін жарияланады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61