ҚОҒАМ
Желіде заңгерлік кеңестерімен және резонансты істерге қатысты өткір пікірлерімен танылған, миллионнан астам оқырманы бар танымал блогер Әділетхан Молдаханға қатысты сот үкімі шықты. Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында қаралған бұл іс қоғам назарын бірден аударды. Сот шешімімен блогер 2,5 жылға сотталып, бұған қоса 5 жылға әлеуметтік желілерде материалдар жариялау құқығынан шектелді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Қылмыстық қудалаудың басталуына 2026 жылдың 21 наурызында әл-Фараби даңғылында орын алып, үш адамның өмірін қиған қайғылы жол апаты себеп болған еді. Осы оқиғадан кейін Әділетхан Молдахан өз парақшасында заңсыз көше жарыстарына тәртіп сақшыларының қатысы болуы мүмкін деген мәлімдеме жасаған. Ол Алматы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаев пен әкімшілік полиция басқармасының экс-басшысы Серік Шумаевтың есімдерін атап, оларды жарысқа қатысушыларды қорғаштады деп айыптаған. Алайда тергеу органдары бұл мәлімдемелердің шындыққа жанаспайтынын анықтап, оны көрінеу жалған ақпарат деп таныды.
Сот процесі басталған уақытта Әділетхан Молдахан тағылған айыпты толықтай мойындады. Сот қорғаушы тараптың бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыру және медиация мен процессуалдық келісімге келу үшін уақыт бөлу туралы өтініштерін сот қанағаттандырмады. Блогер үкім шыққан сәтке дейін қамауда отырды. Сонымен қатар жәбірленуші тарап блогерден моральдық зиян үшін 10 миллион теңге және сот шығындарын өтеуге тағы 1 миллион теңге талап етіп, азаматтық шағым түсірді.
Әлеуметтік желіде миллионнан астам аудиторияны жинап, құқықтық тақырыптарда белсенділік танытқан блогердің бұл ісі қоғамда әлі де талқылау тудыруда.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61