САЯСАТ

Құрылтай сайлауына үкімет резервінен 34,3 миллиард теңге бөлінді

Қазақстанда алдағы 23 тамызға жоспарланған Құрылтай сайлауын ұйымдастыру үшін үкімет резервінен 34,3 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, бұл қаражатты арнайы резервтен бөлуге 2026 жылға арналған мемлекеттік бюджеттің өткен жылы бекітіліп қойғаны себеп болған. Қазіргі таңда маңызды саяси науқанды жоғары деңгейде өткізуге бағытталған қаржылық және ұйымдастыру шаралары толықтай үйлестіріліп жатыр.

Партиялар арасында үміткерлер саны бойынша «Әділет» партиясы айқын көш бастап тұр (186 адам). Одан бөлек, «Respublica» партиясы – 76, Қазақстан Халық партиясы – 72, «Ауыл» – 69, «Ақ жол» – 63, «Байтақ» – 47 және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 33 кандидат ұсынды.

Қазіргі уақытта барлық үміткерлердің құжаттары заң талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында тиісті мемлекеттік органдарда мұқият тексеріліп жатыр. ОСК таратқан мәліметке сүйенсек, партиялық тізімдерді жасақтау барысында әйелдер, жастар және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған міндетті 30 пайыздық квота толықтай сақталған. Сонымен қатар сайлаудың ашықтығы мен әділдігін бақылау үшін қазірдің өзінде үш халықаралық ұйым мен төрт шет мемлекеттен 60 халықаралық бақылаушы ресми тіркеуден өтті.

Сайлау процесінің бекітілген кестесіне сәйкес, партиялық тізімдерді тіркеу кезеңі ағымдағы жылдың 23 шілдесіне дейін жалғасады. Осы уақыт аралығы аяқталғаннан кейін үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары ресми түрде бастау алады. Ал Құрылтай сайлауы 23 тамызға жоспарланған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61