ҚОҒАМ

Заңсыз көлік импортына тосқауыл: 1 қыркүйектен бастап талап күшейеді

Заңсыз автокөлік импортына тосқауыл қойылмақ. Премьер-министр Олжас Бектенов елге заңсыз көлік тасымалдауға қарсы шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды. Жоспарды дайындауға тиісті органдарға дәл 10 күн уақыт берілді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Бұған дейін елімізге бейресми арналар арқылы автокөлік тасу кезіндегі алаяқтық деректері жиілеп кеткені айтылған болатын. Қазақстан автокөлік одағының президенті Анар Мақашеваның сөзінше, шетелде кепілде тұрған, ұрланған немесе заңды шектеулері бар машиналар елге кедергісіз кіргізілуде. Ал қарапайым сатып алушыларда мұндай көліктердің өткен тарихын алдын ала тексеріп алатын мүмкіндік пен база жоқ. 

Үкімет басшысының атап өтуінше, заңсыз жолмен жеткізілген автокөліктердің басым бөлігі техникалық қауіпсіздік пен экологиялық стандарттарға мүлдем сәйкес келмейді. 

"Қаржы министрлігі Өнеркәсіп министрлігімен бірге он күн ішінде көліктердің ел аумағына заңсыз әкелінуіне жол бермеу жөніндегі шаралар кешенін әзірлесін", - деп мәлімдеді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Премьер-министр кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеудегі жаңа тетіктер 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап іске қосылуы тиіс екенін айтты. Сонымен қатар қабылданып жатқан шешімдер бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізуді жүктеді. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61