ТЕХНОЛОГИЯ
Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының 3-курс курсанты Шыңғысхан Шынтеміров отандық әскери-инженерлік салада елеулі жетістікке қол жеткізді. Ол ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы тиімді тосқауыл қоя алатын жаңа құрылғы құрастырып шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жаңа құрылғының басты артықшылығы — оның шағын көлемі мен жоғары мобильділігінде. Өнертабыс дрондар мен Wi-Fi желілерінің басқару және байланыс арналарын басып, олардың әуедегі әрекетін толығымен бұғаттай алады.
«Бұл оқуды таңдаған себебім, әскери адам болуды армандадым. Форма киюді әкеме қарап үлгі еттім. Қазіргі таңда сол арманыма жетіп, қалаған мамандығымда оқып жатырмын. Ойлап тапқан өнертабысымның өзі мамандығыма байланысты болып келеді», – деді Шыңғысхан Шынтеміров.
Курсант ойлап тапқан құрылғы 2,4 – 2,5 ГГц диапазонында жұмыс істейді.
Радиоэлектронды бұндай күрес құралдары қазіргі заманғы ұрыс алаңында әскердің қауіпсіздігін арттыруға үлкен үлес қосады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61