БІЛІМ

Қазақстан "QS Best Student Cities 2027" рейтингінде Орталық Азиядағы көшбасшы атанды

Қазақстанның ең ірі қалалары Алматы мен Астана халықаралық QS Best Student Cities 2027 рейтингінде еліміздің білім беру саласындағы деңгейінің жоғарылағанын көрсетті. Алматы бұл рейтингте 13 сатыға көтеріліп, әлем бойынша 78-орынға жайғасқан. Бұл Қазақстан қалаларының QS рейтингіне енген ең жоғары көрсеткіші, Орталық Азия бойынша үздік нәтиже болып саналады. Ал Астана өзінің позициясын 8 сатыға жоғарылатып, 119-орынға көтерілді. Екі қала да өңірдегі студенттер үшін жетекші білім орталығына айналды, деп хабарлайды  Bugin.kz

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

QS халықаралық агенттігі қалаларды алты негізгі бағыт бойынша бағалайды: университеттердің академиялық деңгейі, қаланың тартымдылығы, түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, білім алу мен тұрмыс құнының қолжетімділігі, студенттердің халықаралық әртүрлілігі және студенттердің пікірлері. Рейтингке әлем бойынша 150 қала іріктеліп алынған. 

Алматыда QS World University Rankings 2027 тізімінде 9 университет бар. Бұл қаланың «Университеттердің рейтингтік көрсеткіштері» бойынша әлемде 50-орын алып, университеттегі ортаның жоғары екендігін дәлелдеді.

Оқу және тұрмыстық шығындар жағынан Астана әлемде 9-шы, ал Алматы 24-ші орында тұр. Бұл көрсеткіш шетелдік студенттер үшін Қазақстанның тартымдылығын арттырады. Сонымен қатар халықаралық студенттердің санының өсуі «Студенттік әртүрлілік» көрсеткішінде де байқалады. Екі қалаға да әлемнің түрлі елдерінен студенттер келе бастауы еліміздің жоғары оқу орындарының дәрежесі артқанын көрсетеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61