Спорт

«Селтик» 50 рет Шотландия біріншілігін жеңіп алды

Сегізінші жыл қатарынан чемпион атанып келеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Селтик» командасы Шотландия біріншілігінің отыз алтыншы турында «Абердинмен» кездескен болатын. Абердин қаласында өткен бұл кездесуде глазголық команда 0:3 есебімен жеңіске жетті.

Бұл жеңістің арқасында «Селтик» 84 ұпай жинап, біріншіліктің бітуіне екі тур қалған кезде чемпион атанды. Ол өзінің басты қарсыласы, екінші орында келе жатқан «Рейнджерстен» әлдеқайда озып кетті.

«Селтик» сегізінші маусым қатарынан және 50 рет Шотландияның чемпионы атанды.

Шотландия біріншілігіндегі чемпиондық атақтар бойынша рекорд «Рейнджерске» тиесілі. Ол 54 рет чемпион болған. Бұл клуб соңғы рет 2010/11 жылғы маусымда жеңіске жеткен.