САЯСАТ

Елдегі сайлауалды науқан: Саяси партиялар телеарна эфирінде пікір таластырады

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлауалды науқан аясында теледебаттар өткізілмек. Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында партияаралық теледебаттарды өткізу жоспары ашық айтылды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Дебаттар мен эфирге шығуға қатысты қаржылық мәселелер де нақты реттелген. Партиялық тізімдерін ұсынған саяси ұйымдар телеэфирге қатысу шығындарын, соның ішінде пікірсайыстарды ұйымдастыруды, өздерінің сайлау қорлары есебінен төлей алады. Бұл шара кандидаттар арасындағы қаржылық жауапкершілік пен теңдік ережесін сақтауға бағытталған.

Қазіргі уақытта сайлау комиссиясы негізгі дебат алаңы ретінде "24KZ" телеарнасын қарастырып жатыр. Арна ұжымымен ұйымдастыру және техникалық дайындық мәселелері жан-жақты пысықталуда. Сондай-ақ саяси партиялардың теледебаты тек бір арнамен шектелмей, кең аудиторияны қамтиды деп күтілуде.

Комиссияға түскен өтінімдерге сәйкес, саяси пікірсайыстарды "Qazaqstan", "7 арна" және "Jibek Joly" эфирлерінен де көрсету жоспарлануда. Бұл сайлаушыларға кандидаттардың бағдарламаларымен жан-жақты танысып, өз таңдауын саналы түрде жасауға үлкен мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61