САЯСАТ
Вашингтон Қазақстанды қоса алғанда, әлемнің 60 мемлекеті мен экономикасына қатысты жаңа сауда шектеулерін күшіне енгізді. 2026 жылғы 24 шілдеден бастап отандық өнімдерге 12,5% көлемінде қосымша кедендік баж салығы салынбақ, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фотоколлаж: Ulysmedia.kz
Жаңа тәртіп күшіне енгенге дейін жолға шығып, АҚШ аумағына 28 шілдеге дейін жеткізілетін жүктерге қосымша баж қолданылмайды.
АҚШ Сауда өкілінің кеңсесі бұл қадамды халықаралық саудадағы мәжбүрлі еңбекпен күрес шарасы ретінде түсіндіреді. Америкалық тарап Қазақстанның өзінде мұндай еңбек түрі бар деп тікелей айыптап отырған жоқ, мәселе өзге елдерден келетін заңсыз өнімдердің ел арқылы өтуіне тосқауыл қоятын тиімді бақылау жүйесінің жоқтығында болып отыр. Белгіленген 10% және 12,5% аралығындағы тарифтік мөлшерлемелер белгілі бір қауіпсіздік талаптарына байланысты енгізілді.
Жаңа ереже бойынша бұл пайыздық мөлшерлеме бұрыннан бар кедендік бағаның үстіне қосымша ретінде есептелуі мүмкін. Бірақ бұл шектеу толықтай барлық экспорт түрін қамтымайды. Америкалық билік стратегиялық маңызы бар шикізат пен бірқатар маңызды тауарларды арнайы тізім арқылы қосымша салықтан босату туралы шешім қабылдады.
Жеңілдіктер тізіміне отандық экспорттың негізгі үлесін құрайтын мұнай мен газ, сондай-ақ тыңайтқыштар, фармацевтика, азаматтық авиация, болат, алюминий және гуманитарлық жүктер енгізілді. Шектеулердің негізгі экспорттық шикізатқа тимейтінін ескерсек, бұл шешімнің Қазақстан экономикасына тигізетін жалпы кері әсері алғашқы болжамдардан анағұрлым төмен болуы ықтимал. Дегенмен, шикізаттық емес секторға едәуір салмақ салуы мүмкін. Жеңілдік тізімінен тыс қалған өңделген және өнеркәсіптік өнімдердің АҚШ нарығындағы соңғы бағасы өсіп, олардың бәсекеге қабілеттілігі төмендейді.
Айта кету керек, бұл Вашингтон тарапынан жасалып отырған алғашқы қадам емес, 2025 жылы тамыз айында да отандық тауарларға 25% көлемінде арнайы баж салығы салынған болатын.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61