САЯСАТ
Қазақстан Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев Украинадағы соғысты доғару туралы Ресей Президенті Владимир Путинге ұсыныс жасады. Бұл туралы ол Ресей мен Қазақстанның XXII Аймақтық ынтымақтастық форумы барысында мәлімдеді. Кездесу 25 шілде күні Омбыда өтті, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
«Бұл қақтығыстың табиғаты көп адамға түсініксіз. Соның ішінде бізге де толық түсінікті емес. Сондықтан осы қақтығысты тоқтатып, Ыстамбул 2.0 формуласына қайта оралу керек. Себебі онда айтарлықтай маңызды нәтижелерге қол жеткіздік. Ресейді қоса алғанда ұзақ күткен бейбітшілікке қарай қозғалу қажет. Соғыс барысында әскери азаматтардың қаза болуы өкінішті. Сол үшін барлығын тоқтату керек», - деді Қазақстан Президенті.
Путин Қазақстан Президентіне жауап ретінде Украинада болып жатқан оқиғалар туралы міндетті түрде ақпарат беретініне уәде етті.
Кейін Кремльдің өкілі Дмитрий Песков Киевтің ұстанымына байланысты Украинадағы соғысты тоқтатып қою мүмкін емес екенін айтты.
«Біз үшін басты шарт – өз мақсаттарымызға жету», - деді ол.
Песковтің айтуы бойынша, егер Киев тиісті шешімдер қабылдаса, онда тәулік соңына дейін соғыс аяқталуы мүмкін. Кремль өкілінің сөзінше, соғысты реттеу шарттары екі жыл бұрын белгіленген және дәл солай өзгерілмеген қалпында тұр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61