САЯСАТ

Ресей Украинадағы жанжалды дипломатиялық жолмен шешуге дайын екенін мәлімдеді

Ресей Федерациясы Украинадағы жанжалды дипломатиялық жолмен шешуге болатыны туралы ақпарат берді. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер минситрлігінің ресми өкілі Мария Захарова мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz. 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Мария Захарованың айтуынша, Мәскеу Украинадағы жағдайды келіссөздер арқылы шешу идеясынан ешқашан бас тартпаған.

«Біз Украинадағы жанжалды дипломатиялық жолмен шешуге дайынбыз. Бірақ келіссөздер өзара түсіністікке негізделуі тиіс. Сонымен қатар 2025 жылдың тамыз айында Аляскада қол жеткізілген уағдаластықтардың да назардан тыс қалмауы қажет», - деді Мария Захарова.

Ресей СІМ өкілі Мәскеудің қақтығысты саяси реттеуге бағытталған түрлі бастамалар мен ұсыныстарды қарастыруға ашық екенін жеткізді. Оның мәлімдеуінше, Ресей дипломатиялық байланыстарды жалғастыруға мүдделі және мәселені бейбіт жолмен шешуге қатысты ұсыныстарды талқылауға дайын.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61