ҚОҒАМ

Белгілі құтқару әдісі қайталанды: Талғар тұрғындары Үлкен Алматы каналы арнасына батып бара жатқан қызды құтқарып қалды

25 шілде күні сағат 11:00 шамасында Талғар өңіріндегі Үлкен Алматы каналында  қайғылы оқиғаның алдын алған құтқару жағдайы орын алды. Арна суына батып бара жатқан кішкентай қызды куәгерлер дер кезінде байқап, аман алып қалды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: kris_p_talgar әлеуметтік желідегі парақшасынан

Белгілі құтқару әдісін қайталаған халық бір-бірінің қолынан ұстап, тізбектеле орналасу арқылы бүлдіршінді судан шығарып алды.
Оқиғаның басы жылап тұрған кішкентай ұл баладан басталған екен. Куәгерлердің бірі екі баласымен канал жанында келе жатып, жылап жүрген баланы жолықтырады. Бала оған қарындасының каналға құлап, суға батып бара жатқанын айтып көмек сұраған. Өзі жүзе алмайтын әйел бұғатталып қалмай, бірден жолға қарай жүгіріп, айқайлап көмек шақыра бастайды.
Бұл айқайды жақын маңдағы ер-азаматтар естіп, бірден әрекетке көшкен.

Әр секунд алтынға бергісіз сәтте жолда бара жатқан жүргізушілер мен куәгерлер аянып қалмады. Жұдырықтай жұмылған азаматтар шапшаң түрде су жағасына жиналып, бір-біріне қол созып, берік адам тізбегін құрды. Осындай ауызбіршілік негізінде су ағысы алып бара жатқан кішкентай қыз аман-есен жағаға шығарылды.

Куәгерлердің шапшаңдығы мен бейтаныс жандардың бір-біріне деген сенімі тағы бір адам өмірін сақтап қалды. Бұл оқиға қоғамдағы жанашырлық пен батылдықтың жарқын үлгісіне айналды.

Кейін әлеуметтік желідегі пікірлерде осы құтқару операциясына қатысқан азаматтардың бірі пікір қалдырды.

«Жолда біреудің алдынан кесіп өтсем, кешірім сұраймын, қызды құтқаруға асықтым», — деп жазып, сол сәттегі азаматтық жауапкершілік пен асығыстықтың себебін түсіндірді. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61