САЯСАТ

Ресей Қазақстанмен әскери – техникалық келісімді қайта қарауды жоспарлап отыр

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанмен және Өзбекстанмен әскери – техникалық ынтымақтастық туралы келісімдерді өзгерту үшін келіссөздер жүргізуді тапсырды, деп жазады Bugin.kz. 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстан мен Ресей бұл келісімді 2013 жылы өз күшіне енгізді. Оны өзгерту туралы өкімге Путин 27 шілдеде қол қойды.

Ережелерге сәйкес, әскери мақсаттағы өнімдер екі елдің уәкілетті ұйымдары арасындағы келісімшарттар арқылы екі бағытта жеткізіледі. Бұл құжат қару – жарақ пен әскери техниканы жеткізу, жабдықтарды жөндеу, әскери технологияларды беру және әскери мамандарды даярлау мәселелерін реттейді. 

Ресей тарапы келісімге нақты қандай түзетулер енгізгенін жариялаған жок. Ал осы мәселеге қатысты Қазақстан билігінің ұстанымы әлі белгісіз. Сондай – ақ Ресей осындай келіссөздерді Өзбекстанмен де қабылдауды жоспарлап отыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61