ҚОҒАМ
Ішкі істер министрлігі балағат сөз айтып, құқыққа қайшы контент таратқан 9 тиктокерді әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Видеодан кадр
Олар лайк, қаралым және донат жинау мақсатында балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған. «Сот шешімімен құқық бұзушыларға айыппұл салынып, әкімшілік қамауға алынды», - деді ІІМ өкілі Шыңғыс Әлекешев.
Министрлік нақты тікелей эфирде болған оқиғаларды атап өтті. Астана қаласында «Бауырсақ» лақап атымен танылған 37 жастағы әйелге эфир барысында балағат сөздер айтқаны үшін айыппұл салынды.
Алматыда 32 жастағы азамат тікелей эфирде балағат сөздер айтып, айналасындағыларды қорлағаны үшін бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Шымкентте 20 жастағы азамат тікелей эфирде электрошокер қолданып, адам ұрлау көрінісін ұйымдастырды. Ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін сегіз тәулікке қамауға алынды.
Жамбыл облысында «Алтын қыз» лақап аты бар 41 жастағы әйел заңға қайшы контент жариялап, балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл өнірде тағы екі 19 жастағы азамат донат жинау үшін бір – біріне дене жарақаттарын салған. Аудиторияны жинау мақсатында «хайп» жасағаны анықталды. Екеуі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ІІМ айтуы бойынша «Заң мен тәртіп» тек ұран емес, оны әрбір азамат сақтауға міндетті. Сондай – ақ құқықтық тәртіптің өмірде де, цифрлық кеңістікте де қатаң сақталатынын ескертті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61