ҚОҒАМ
Шығыс Қазақстан облысында әскери бөлімнен бейсауат кетіп қалған мерзімді қызметтегі сарбаз табылды. 22 жастағы қатардағы жауынгер Мархан Айқынның бұл қадамға барған басты себебі — туған үйі мен жақындарына деген сағынышы болған, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Еске сала кетейік, оқыс оқиға 23 шілде күні Өскемен қаласында орналасқан №27943 әскери бөлімінде орын алған еді. Қатардағы жауынгер кезекшілік атқару кезінде қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен. Бұл оқиғадан кейін бірден арнайы іздестіру шаралары ұйымдастырылды.
Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде сарбаз Өскемен қаласынан 20 шақырым қашықтықтағы аумақтан аман-есен табылды.
Әскери полиция өкілдері берген ресми ақпаратқа сәйкес, сарбаздың денсаулығына ешқандай зақым келмеген, жағдайы тұрақты. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық анықтау үшін тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61