ТЕХНОЛОГИЯ
Netflix компаниясы жасанды интеллект саласындағы InterPositive стартапын сатып алды. Бұл стартаптың негізін қалаушылардың бірі – танымал актер әрі режиссер Бен Аффлек. Стартап құны 587 миллион долларға бағаланды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
InterPositive – кинолар мен телехикаяларды постөндіру үшін жасанды интеллект құралдарын жасаумен айналысатын компания. InterPositive технологиялары жетіспейтін кадрларды қалпына келтіру, фонды ауыстыру, жарық деңгейін реттеу сияқты күрделі техникалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде түсірілімдердің қайта ұйымдастыру үшін кететін шығындардан сақтайды.
Сатып алудан кейін InterPositive командасы Netflix құрамына енді. Ал Бен Аффлек компанияда киноөндіріс технологияларын дамыту бойынша аға кеңесші қызметіне тағайындалды. Оның мәлімдеуі бойынша, жасанды интеллект адамдардың орнын басу үшін емес, режиссер мен монтажерлерге шығармашылық жобаларды жүзеге асыруда қолдау көрсетуі тиіс.
Netflix деректері көрсеткендей, генеративті жасанды интеллект құралдары платформадағы 300-ге жуық кино және сериал өндірісінде сәтті қолданылып келеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61