ҚОҒАМ

Балқаш көлінде демалушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірген жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Әлеуметтік желілерде Балқаш көлінің жағалауында азаматтардың демалатын аймағында көлікпен қауіпті әрекеттер жасаған жүргізушінің видеосы тарады. Құқықбұзушы полиция қызметкерлерімен жедел анықталып, заң аясында жауапқа тартылды, деп хабарлайды Bugin.kz.
 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан кадр

Оқиға Балқаш көлінің Үлкен ауылындағы жағажай аумағында орын алған. Тексеру барысында автокөлік жүргізушісінің халық көп жиналатын шомылу аймағында көлікпен қауіпті маневрлер жасағаны анықталды.

Куәгерлердің айтуынша, маңайдағы азаматтар жүргізушіден тоқтауды бірнеше рет сұрағанымен, ол қоғамдық қауіпсіздік ережелерін ескермей, жауапсыздық танытқан.

Тәртіп сақшылары бейнежазба бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, құқықбұзушының жеке басын толық анықтады. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, азаматқа қатысты тиісті әкімшілік хаттама толтырылып, заңды жаза қолданылды. Полиция қызметкерлері азаматтарды қоғамдық орындарда және су айдындары маңында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61