ҚОҒАМ
Атырау облысында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін лотос гүлінің жаңа өсу аумағы табылды. Жергілікті оқушылардың бастамасымен жүзеге асқан табиғи тәжірибе «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты мамандарының назарына ілікті, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
2024 жылы 11 жастағы Шаттық Хами мен 12 жастағы Айым Жанкелді тұрғылықты мекенжайларының жанындағы су айдынына лотос тұқымдарын отырғызған. Қытайдан тапсырыспен алдырылған тұқымдарды алғашында үй жағдайында өсіру мүмкін болмаған соң, оқушылар оларды табиғи ортаға отырғызуды ұйғарған.
Тәжірибе нәтижесінде 2025 жылы өсімдіктің алғашқы жапырақтары шықса, ағымдағы жылы лотостар алғаш рет гүлдеді. Жаңа лотос алқабы «Ақжайық» резерватының сол жақ кластерінен 3–4 шақырым қашықтықта орналасқан Тасқала өзекшесінен табылып отыр. Осыған дейін өңірде бұл өсімдік тек Құрманғазы ауданының аумағында ғана кездесетін.
Қазіргі уақытта Атырауда қытайлық мамандардың қатысуымен лотос өсіру бойынша кезекті тәжірибелік жоба жүзеге асырылуда.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61